АЭА және ӨА

АЭА және ӨА

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы №693 қаулысының негізінде "TURKISTAN" Арнайы экономикалық аймағы құрылды.

"TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағының құрылу мақсаты:

  1. Түркістан қаласын жедел дамыту;
  2. Түркістан қаласының туристтік әлеуетін арттыру және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасуы және туристтердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристтік инфрақұрылымды дамыту;
  3. туристтерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру.

АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1938,0 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 4 қосалқы аймақ кіреді: ауданы - 188,0 гектар тарихи орталық, ауданы - 1350,0 гектар әкімшілік-іскерлік орталық, ауданы 365 гектар және 35 гектар өндіріс аймақтары.

АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:

  1. Туристтерді орналастыру орындарын, санаториялық және сауықтыру нысандарын салу және пайдалануға беру;
  2. Инфрақұрылым нысандарын, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
  3. Ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
  4. Өндіріс және қайта өңдеу нысандарын салу және пайдалануға беру;
  5. Құрылыс материалдарының өндірісі;
  6. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
  7. Дайын металл бұйымдарының өндірісі.
"TURKISTAN" АЭА-ның өндірістік қосалқы аймағын дамыту мақсатында ауданы 365 га болатын аумаққа инфрақұрылым салу, жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарлануда.

Бүгінгі таңда "TURKISTAN" АЭА-да жалпы сомасы 182 млрд.теңгеге 27 жобаның құрылысы жүргізілуде.

АЭА қатысушыларына ұсынылатын жеңілдіктер:

"TURKISTAN" АЭА Басқарушы компаниясы қатысушыларға "бір терезе" қағидаты бойынша өтінім беруден бастап, пайдалануға берілгенге дейін барлық мәселелер бойынша көмек көрсетеді.

  • "TURKISTAN" АЭА аумағындағы салықтық жеңілдіктер;
  • корпоративтік табыс салығы (КТС);
  • жер салығы;
  • мүлік салығы;
  • қосылған құн салығы (ҚҚС)
"TURKISTAN" АЭА аумағындағы қатысушыларға ұсынылатын кедендік жеңілдіктер:
  • АЭА аумағына тауарларды әкелу кезінде кедендік баждардан босату;
"TURKISTAN" АЭА аумағындағы басқа да жеңілдіктер:
  • 25 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) жер учаскелерін беру.
Байланыс:
Телефон call-centre: +7 700 555 11 00
E-mail: office@sez-turkistan.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге