Экономика

Экономика

2018 жылы Түркістан облысының ЖӨӨ 1,1 трлн. теңге (ҚР ЖӨӨ-дегі облыстың ЖӨӨ үлесі 2,8% құрады). Қазақстан өңірлерінің арасында ЖӨӨ көлемі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы 17-орында.

Түркістан облысының ЖӨӨ құрылымында қызметтерге 67% немесе 1,9 трлн. теңге, тауарларға – 33% немесе 411,5 млрд.теңге. Бұл ретте тауарлар бойынша ЖӨӨ-де ауыл шаруашылығы өніміне ең үлкен көлем 51,1% – ды немесе 210,4 млрд.теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісінің үлесі-48,9% немесе 201,1 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы
Соңғы жылдары облыстың аграрлық секторын дамытудың оң үрдісі байқалады,атап айтқанда ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару серпіні оң өсу үрдісіне ие.

Облыстың жалпы өңірлік өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі 28% құрайды.

Аграрлық саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау жыл сайын ұлғайып келеді: егістік және бау-бақша жұмыстарының экономикалық қолжетімділігін арттыру бойынша субсидиялау, жанар-жағармай материалдарының құнын, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру, минералдық тыңайтқыштар, гербицидтер және т. б. құнын субсидиялау.

Өсімдік шаруашылығы
2018 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 813,5 мың га жерге орналастырылды, оның ішінде азықтық дақылдар – 1,9 млн. га, бидай – 1,9 млн. га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 1,1 млн. га, дәнді дақылдар – 2,7 млн. га, майлы дақылдар – 934 мың га.

Мал шаруашылығы
2018 жылдың қорытындысы бойынша облыста 3,9 млн.бас қой мен ешкі, 1,8 млн. бас құс, 915,8 мың бас ІҚМ, 292,6 мың бас жылқы бар. Ет өндіру көлемі 3,6% - ға (17,2 мың тонна), сүт 1,6% - ға (39,1 мың тонна), жұмыртқа 4,5% - ға (11 млн.дана) өсті.

Өнеркәсіп 
2018 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 201,1 млрд.теңгені немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 100,8% құрады.

Облыстың жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 34,3% - ды құраған тау-кен өндіру саласында 69 млрд.теңгеге өнім өндірілді және өндіріс көлемінің 103,1% - ға өсуі белгіленді (2017 жылға қарағанда металл кендерін өндірудің 102,5% - ға ұлғаюы есебінен).

Өңдеу өнеркәсібінде (үлесі 59,1%) нақты көлем индексі 102,7% құрады, өндіріс көлемі – 120,2 млрд.теңге. Өңдеу өнімдерінің өсуі тамақ өнімдерін шығарудың 0,8% - ға, мұнай өңдеу өнімдерін 1,4% - ға, металлургия өнеркәсібін 2,0% - ға, өзге де металл емес минералдық өнімдерді 23,1% - ға, машина жасауды 12,1% - ға, фармацевтикалық өнімдерді 12,1% - ға артуымен байланысты. 

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау көлемі 10 млрд.теңгені немесе 2017 жылғы деңгейге 111,5% құрады, "сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау" саласында жұмыс көлемі 1,8 млрд. теңгені немесе 107,9% құрады.
 


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге